• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Түрікменстанда еліміз Тәуелсіздігі күніне шара өткізілді

311 рет
көрсетілді

Түрікменстанның Ашхабад қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты жиын өткізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы елшілігі хабарлады.

Жиынға Түрікменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар, іскер, мәдени, ғылыми орталардың қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қазақ диаспорасы қатысты.

Түрікмен тарапының бас қонағы, болмыш ел парламентінің спикері Акджа Нурбердыева сөз барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас ұлғая беретініне сенім білдіріп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтады.

Жиынға қатысқандардың назарына Қазақстанның жетістіктері мен инвестициялық тартымдылығы туралы бейне көрсетілімдер ұсынылып, еліміз туралы кеңінен мәлімет айтылды.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның елшісі қабылдауға келген Түрікменстандағы қазақ диаспорасымен кездесіп,елшіліктің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы айтып берді.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: ҚР Түрікменстандағы елшілігі

Соңғы жаңалықтар