• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Елімізде демалыс күндері жаңа жылдық мерекелерге ауыстырылды

260 рет
көрсетілді

Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай жасау және 2013 жылғы желтоқсан мен 2014 жылғы қаңтардағы жұмыс күнін ұтымды пайдалану мақсатында Премьер-Министр Серік Ахметов демалыс күнін 2013 жылғы 28 желтоқсан сенбіден 2014 жылғы 3 қаңтар жұмаға ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қаржы қызметтерін қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2014 жылғы 3 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Соңғы жаңалықтар