• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2020

Алматы облысында жоғалған бала Қызылордадан табылды

1715 рет
көрсетілді

18 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Алматы облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қарасай ауданының тұрғынынан 12 жастағы баласының Үшбұлақ ауылындағы ата-әжесінің үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.

Алматылық әріптестерінен келіп түскен бағыт-бағдар бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы құлақтандырылып, дереу жедел іздестіру шаралары басталды. Күні – түні жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ювеналды полицейлер 21 желтоқсан күні кешкі сағат 20:45 шамасында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында жалғыз  жүрген бір баланы байқайды. Тексеру барысында оның іздеуде жүрген жасөспірім екендігі белгілі болды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Мұрат Байназаров жасөспірімді Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Қазіргі уақытта полицейлер жоғалған жасөспірімнің ата – анасымен хабарласып, олардың облыс орталығына келуін күтуде. Бұған қоса, бұл оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.