• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2013

Бокс: Astana Arlans - Mexico Guerreros 4:1

340 рет
көрсетілді

Желтоқсанның 6-сы күні кешке Бүкіләлемдік бокс сериясына қатысып жатқан Astana Arlans ұжымы Мексиканың Mexico Guerreros командасын қабылдап, 4:1 етіп жеңіп шықты. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесуді 49 килоға дейінгі боксшылар бастады. Онда біздің Мардан Берікбаев мексикалық Хосе Альберот Залета Рейесті ұтты. Бұдан кейін 56 килодағы Мейірболат Тойытов қарсыласы Серхио Чириньо Санчестен басым түсті. Ал 64 килоға дейінгі Жәнібек Әжібай мен Кристиан Биельма арасындағы ұрыста қонақтың десі басым шықты. Қазақстандықтар сапындағы бұл күнгі жеңіліс осымен бітті. Бұдан кейінгі екі жігітіміз де қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Екеуі де бұған төртінші раундта қол жеткізді. Алдымен 75 килоға дейінгі украин легионері Сергей Деревянченко мехиколық Диего де Хесус Морено Амадорды іске алғысыз етіп тастаса, ең соңынан 91 килодағы Василий Левит визавиі Кристиан Демайды мерзімінен бұрын сүріндірді. Осылайша «астаналық арландар» алғашқы үш кездесуін де жеңіспен аяқтап отыр. Руслан Игілік. Дереккөз: Egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар