• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Желтоқсан, 2020

Көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды

236 рет
көрсетілді

Патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесі бойынан Kia Rio автокөлігі тоқтатады. Құжаттарын тексеру барысында 34-жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.