Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мерекелік жиын барысында энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен оның дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
«Энергетиктер күні» мерекесіне орай Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Ардагер энергетик» төсбелгісімен Қоңырбек Әжімбетов, Қазақстан энергетиктерінің салалық кәсіподағының «Құрмет» белгісімен аудандық электр торабының инженері Серік Айтжан марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлерге облыс әкімі мен орынбасарының және аудан әкімінің, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының «Алғыс хаты» табысталды.