• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Руханият 24 Желтоқсан, 2020

Түркі академиясының басшысы Исламабадта түркі тілдес елдердің елшілерімен кездесті

125 рет
көрсетілді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Пәкістанға сапары аясында бірқатар Елшілермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Әзербайжан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Али Ализадемен кездесу барысында тараптар түркі елдері ынтымақтастығы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарлар туралы пікір алмасты.

Елші мырза Академия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп атқарар жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді.

Өз кезегінде, Дархан Қыдырәлі ілтипат көрсеткен Әзербайжан елшісіне алғыс айтып, Академияның басып шығарған бірқатар бағалы еңбектерін тарту етті.

Сонымен қатар, Академия басшысы Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Ақан Рахметуллин, Түркия Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мустафа Юрдакулмен екі жақты кездесулер өткізді.

Елшілермен болған кездесулерде тараптар бауырластық байланыстарды нығайтуда Түркі академиясының маңыздылығын атап өтті.