Кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл толуына орай өз туған жері – Ұлан ауданында «Ұранды елдің ұрпағы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
Әр тасы тарихқа тұнған Ұлан топырағынан шыққан батырлар аз емес. Аты аңызға айналған Қасым Қайсенов те, Ізғұтты Айтықов та осы өңірдің тумалары. Бүгінгі ұрпақ батыр бабаларының рухына қандай құрмет көрсетсе де лайық емес пе?!
Алдымен жиырмадан асқан шағында Отан үшін деп оққа ұшқан Төлеген Тоқтаров туралы аз ғана мәлімет беріп өткеніміз жөн шығар. Ол 1941 жылдың соңына қарай соғысқа кіріп, бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскерін жойған. 1942 жылы 5 ақпанда Новгород облысындағы Нагаткино ауылында бетпе-бет келген жаудың 7 әскерін жер жастандырып, екеуін тұтқынға алыпты. Ал Бородино үшін болған шайқаста қарша бораған оқтан бас көтере алмайды. Сонда Тоқтаров жанындағы төрт жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастаған. Сол жерде оғы таусылғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланған.
Төлегеннің бұл ерлігін көзімен көрген, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин: «1942 жылдың 9 ақпаны. Түс кезінде немістер қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр жараланды. Төлеген «әуп» деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан ұрып жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала бергенде, жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды» деп жазыпты естелігінде.
Күркіреп өткен соғыс батырының 100 жылдығына орай дүркіреп айтыс өтті. Еліміздің төрт бұрышынан жиналған ақындар түйдек-түйдек ой тастады, жырға сусап қалған халық қошемет көрсетті. Елді жайлаған вирус болмағанда, зал ішінде ине шаншыр орын болмас еді. Санитарлық талаптарға сәйкес, көрермендер көп жиналмай, айтысты әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден таратты.
Арқалы ақындар батыр бабаларының ерлігін жырға арқау ете отырып, бүгінгі қоғамның да түйткілді мәселелерін де түйрей өтті. Жыр додасына еліміздің әр аймағынан ұзын саны 12 ақын қатысып, бақ сынасты. Ақындардың сөз саптауын, орамды ой тастауын әнші Алтынбек Қоразбаев бастаған әділқазылар бағалады. Қорыта келгенде, бас жүлдені Қызылорда облысы, Шиелі ауданынынан келген Ержан Әміров еншіледі. Бірінші орын Зайсан ауданының ақыны Ардабек Ақбабаұлының қанжығасына байланды. Екінші орын Ақмола облысы, Ерейментау ауданынан келген ақын Ерлан Дәулетке бұйырса, үшінші орынды семейлік жас ақын Хавдолла Бейісхан иеленді.
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы Әр тасы тарихқа тұнған Ұлан топырағынан шыққан батырлар аз емес. Аты аңызға айналған Қасым Қайсенов те, Ізғұтты Айтықов та осы өңірдің тумалары. Бүгінгі ұрпақ батыр бабаларының рухына қандай құрмет көрсетсе де лайық емес пе?!

Ұлан ауданы