Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 26 желтоқсан
№ 478