Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ағаш өңдеу цехынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Ведомство өкілі хабарлағандай, өрт бүгін түнгі сағат 00:22 шамасында Қосшы аулында болған. Қазандықтан шыққан өрт, ағаш өңдеу және металл өнімдері цехынан шығып, 750 шаршы аумақты шарпыған.
Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкер және 2 техника, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 14 қызметкер және 2 техника, жергілікті атқарушы органдардан 2 адам және 1 техника, жедел жәрдем медициналық қызметінен 5 адам және 2 техника, сондай-ақ ДП 6 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.
"Өрт сағат 02:35 ауыздықталып, 04:20 сөндірілді. «Сол маңдағы жатаханада болған 29 адам (оның 4 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", деп айтты ведомство өкілі.