Елбасы 28 Желтоқсан, 2020

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

167 рет
көрсетілді

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен бірге Қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.