• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Сайлау 30 Желтоқсан, 2020

Өнім сапасы жоғары болуы тиіс

355 рет
көрсетілді

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

Аудандық мәслихат депутатты­ғына кандидат Меңдібай Қопабаев Ақмола облысы Балкашино ауылы­ның тұрғындарымен кездесіп, партия бағ­дарламасын таныстырып, аудан­ның мәселелерін шешу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Есіл қалалық электоратымен Есіл аудандық мәслихатына канди­дат­тар Сәния Исмаилова мен Самат Жор­тым­баев кездесті. Олар пар­тия­ның әлеу­мет­тік мемлекет құру жө­нін­дегі он бас­тама­сына және бір­қатар өзге­­рістерге тоқтал­ды. ҚХП мақ­сат­тары мен міндет­терін түсіндіріп, канди­даттар элек­торат­тың тілектерін тыңдап, қойыл­ған сұ­рақ­тарға жауап берді. Ереймен­тау қаласында «Бола­шақ строй плюс» еңбек ұжы­мы­мен кез­десу өтті. Ерейментау мәс­ли­хаты­ның депутаттығына канди­дат Юлия Кар­кавина ҚХП тұғырна­масы­мен таныс­тырып, үгіт материал­дарын таратты. Партияның 20 сотық жер беру және тұрғын үй мәселесін шешу туралы ұсынысы көпшіліктің үлкен қызы­ғу­шы­лығын тудырды. «Біз халық пар­тия­­сымыз және қарапайым жұмыс адамдарына жақын болуымыз керек. Олардың мүдделерін қорғауымыз қажет», деді ол.

ҚХП-ның Шымкент қалалық сайлауалды штабы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың қатысуымен «Халық партиясы – халықпен бірге!» акциясын өткізді. Партия жастар қанатының өкілдері, штаб белсенділері, сенімді өкілдер мен партия кандидаттары үгіт-насихат шарасына қатысты. Оның мақсаты – сайлаушылардың назарын әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі партия бастамаларына аудару. Акция Қазақстандағы ең биік ескерткіштердің бірі Бәйдібек би ескерткішінің жанында өтті. Жиналғандар «Халық, жер, әділдік!», «Халық партиясы – халықпен бірге!» деп ұрандады. «Елімізге өзге­рістер керек. Қазақстандықтар жақ­сы өмір сүруге лайық. Қазақстан халық партиясы қарапайым адам­ның мүддесі қорғалатын мемлекет құру­ды қолдайды», деп акцияны қоры­тындылады Мәжіліс депутаттығына кандидат Нұрлан Қадырқұлов.

Қазақстан халық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Көкшетаудағы «Новопэк» ЖШС кәсіпорнында болды. Мұнда полипропилен қаптары, биг-бегтер (жұмсақ контейнерлер) шығарылады. Партия мүшелеріне өндірістік процесс көрсетілді. Олар қызметкерлерде қандай проблемалар мен қиындықтар барын сұрады. Сондай-ақ «Жалақы уақытында төлене ме?», «Зейнетақы қорына аударымдар жасала ма?» деген сұрақтарға жауап алды. Аталған өндірістің өнім сапасын жақсарту, өнім сұранысын арттыру мәселелері де талқыланды. «Біз кез келген кәсіпорынның негізгі міндеті өндірістің толық циклына және экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу деп санаймыз. Отандық компанияларды қолдау мақсатында Қазақстан халық партиясы бірқатар принципті мәселелерді көтереді. Бизнестің жаңа қатысушылары үшін рұқсат беру құжаттарын, ДСҰ және ЕАЭО нормаларын сақтай отырып, салық және кеден баждарын төлеуді екі жылға алып тастау қажет. Қосылған құны жоғары және 90 пайыздан астам оқшауландырылған тауар шығаратын өндірушілер үшін салықтық және кедендік пайыздық мөлшерлемелерді төмендету керек», деді Қазақстан халық партиясы атынан депутаттыққа кандидат О.Сыздықов.

ҚХП отандық кәсіпорындар өнім сапасын жақсарту үшін үнемі жұмыс істеуі керек, жарнамалық науқан мен өнімді жылжытуға баса назар аударуы қажет деп санайды. «Реформаларды тиімді іске асыру және экономика­ның нақты секторын реттеу үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік шығыстарды оңтайландыру қажет», деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Ж.Ахметбеков.