Жақсылық еткен алғыс алады. Желден қалқан, жемірден пана болған жақсының ісі ізсіз кетпейтінін биылғы індетте байқадық. Айнымас асыл қасиет көпке үлгі бола берсін деген ниетпен елге ерекше қамқорлық көрсеткендерге арналған «Жақыныңа жанашыр бол» атты арнаулы бет бас басылымда жыл бойы ұйымдастырылды. Жыл соңында топта танылған жақсыларды тағы бір мәрте жадымызда жаңғыртсақ деген оймен төмендегі топтаманы ұсынып отырмыз.