• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Желтоқсан, 2020

Міндет айқын – халықтың жағдайын жақсарту

732 рет
көрсетілді

Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын, даму бағытын Прези­дент айқындайды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ерекше атап өтуге болады. Өйткені еліміз үшін аса маңызды бұл құжатта Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне қатысты міндеттер нақты көрсетілді, мақсатымыз айқындалды.

 

Елдің бәсекеге қабілеті шыңдалатын кезең

Қазіргі таңда, Президент айт­­қандай, мемлекет алдында әлеуметтік-экономикалық тұрақ­­тылықты, орнықты дамуды, халықтың әлеуметтік ахуа­лын арттыруды, азамат­тарды жа­ңа жағдайларға бейім­деуді қам­тамасыз ету, ел бір­лігін, қауіп­сіздікті ны­ғайту, ұлтымыз­дың ру­хын көтеру басты міндет бо­лып тұр.

Жоғарыда аталған мақсат-мін­деттер өте ауқымды. Де­ген­­мен оларды еңсеруге елі­міз­­дің мүм­кіндігі жетеді. Мем­лекет басшысы осы орайда: «Мем­лекет тарапынан әлеу­меттік са­ладағы және экономиканы қол­­дауға бағытталған барлық мін­деттемелер орындалатын бо­ла­ды. Бұл мақсатқа Ұлт­тық қор­дан 1 трил­лион теңге бөлінуде. Әлеу­мет­тік тө­лемдерді индексациялау жұ­­мысы жалғасын табады. Осы бағытта 2023 жылға дейін шамамен 1 триллион теңгеден астам қар­­жы бөлу жоспарланып отыр», деді.

Жалпы, сарапшылар айтып жүр­гендей, мемлекеттердің бә­се­келестік қабілеті, даму ба­­ғы­тындағы қадамдары дағ­да­рыстар мен уақыт енгіз­ген өзгерістер кезеңінде шың­далады. Осындай сындардан сүрінбей өткен, өзін шыңдай білген ел ғана көшбасшы мемлекеттер қатарынан көрінеді.

Аталған Жолдауда көрсе­тілген міндеттер күн тәрті­бі­не уақтылы әрі орынды қойы­лып отыр. Осы тұста Жолдау ха­қын­да қоғам қайраткері Жақ­сыбек Құлекеевтің пікірін кел­тіре кетейік. «Президент Қ.Тоқаевтың ел дамуының бар­лық саласын қамти отырып, стратегиялық бағыттарымызды айқындай түс­кен биылғы ке­зекті Жолдауы халықтың кө­кейінде түйінделіп, көптен шо­ғырланып, шешуін күтіп жүр­ген өзекті мәселелердің бі­разының жуық арада саяси аренада шешімін табатынына сенім ұялатқан құбылыс болды. Он бір тармақтан тұратын Жолдаудың бас­ты міндеті – мемлекеттік биліктің халық ал­дындағы жауапкершілігін арттыра отырып, қоғамның өткір талабына сай келетін ұтымды, нақты нәтиже беретін, елге пайдасы мол шешімдер қабылдауға жұмылдыру. Ол шешімдер мейлінше әділ болып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы және дарынды жастарға жол ашатын тиімді әлеуметтік са­тылардың орнығуына себеп болуы тиіс. Өйткені елімізде соңғы жылдары ұмыт бола бастаған әділетті қоғам қағидасы, заң үстемдігі, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру секілді ұғымдар жаңа тұрғыда айтылып отыр. Ай­тары жоқ, кез келген нарық­тық қағидаттарға негізделген қоғам тұрақты дамуы үшін  сол елдің белсенді, озық ойлы аза­маттарының қабілеті мен мүм­кіндіктерін толық пайдалануына мейлінше жағдай жасалуы керек. Ал оның кепілі – заң үстемдігі, сая­си биліктен тәуел­сіз сот жүйесі, тиімді аза­ма­ттық қоғам институттары және  кең ауқымда айты­латын мемлекеттегі саяси тұрақ­ты­лық. Елде осы аталған кате­гориялар қалыптасып,  билік пен қоғамның арасын­да тұрақты диалог орын ал­ған жағдайда ғана мемлекет тұрақты дамудың даңғыл жолына түсетіні рас және бұл – аксиома. Сондықтан да бұл Жол­дау осынысымен құнды», дейді Ж.Құлекеев.

 

Басты ұстаным – әлеуметтік әділеттілік орнату

Президент Тәуелсіздік кү­ніне орай Мемлекеттік на­градалар мен сыйлықтар тап­сыруға арналған салтанатты рәсімде Жолдауда қозғалған мәсе­лелерді тағы да екшеп, алда тұр­ған міндеттерді пысықтай түсті. «Біз қиындықтар мен кедер­гілерге қарамастан, алға ілге­рілеуді жалғастырамыз», деген Мемлекет басшысы эко­номикалық қуатты, әлеу­мет­тік әділ және берік тірегі мен прогресшіл құндылықтары бар ашық қоғам құрып жатқа­ны­мызды, тұтас дүниенің ты­ныс-тіршілігі өзгерген, пан­демия бүкіл әлемді сынға алған қазірге кезде бар күш-жігерімізді жұмылдырып отыр­ғанымызды еске салды. Эпи­демияға қарсы кешенді іс-шаралар үшін 350 миллиард теңгеден астам қаржы бөлін­генін жеткізген Президент өзі­нің басты миссиясы – әлеуметтік әділеттілік және халықтың әл-ауқатын арттыру екеніне екпін берді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, биыл 4 миллионға жуық азаматтың зейнетақысы мен әлеуметтік жәрдемақыларының көлемі ұлғайды, әлеуметтік сақ­тандыру төлемдері орташа 50%-ға көтерілді, аз қамтылған отбасылардағы 500 мыңнан аса бала үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді. Пандемия кезіндегі қиындық­тарға қарамастан, ел қамбасы астыққа толды. Жаңа жолдар салынды, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандар бой көтерді. Басшылардың жаңа буынын дайындауға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы өз сө­зінде Қазақстанның нақты бә­се­кеге қабілеттілігін жоға­ры­лату үшін барлық күш-жігер мен ресурстарды жұмылдыру, ұлт­тық мүддемізді берік қор­ғап, экономикада, әлеуметтік салада, экологияда ауқымды жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруды жалғастыру, әділетті және тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілету сынды басқа да мін­дет­терді атады.

Осы орайда Қазақстанның Еңбек Ері Мұрат Қайыргелдин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күні қар­саңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзін қолдай отырып, өз пікірін былай сабақтады: «Президент қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, алға ілгерілеуді жалғастырамыз деді. Бұл ретте елімізді жаһандық дағда­рыстан алып шығу үшін көп іс тындырылғанын атап өту керек. Мемлекет бас­шы­­сы айтқандай, жүйелі жұ­­мыс­­тардың нәтижесінде эко­номикаға қатысты теріс бол­­жамдарды жоққа шығарып, ін­деттің зардабы азайды. Дер кезінде қабылданған шаралар­дың арқасында ахуал біршама тұрақтандырылды. Жаһандық дүрбелеңге қарамастан, мем­лекеттің іргесі мығым, тұғыры бекем екенін дәлелдей білдік. Осының бәрі ортақ мақсат үшін жұдырықтай жұмылып, еңбек етудің жемісі».

Айта кетейік, Президент келер жылды «Тəуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялағаны белгілі. Осынау биік белес – тәуелсіздіктің отызыншы жылында халқымыз бұған дейін қол жеткізілген табыстарымыздың еселене түскеніне, түйткілді мәселелердің шешімін тапқа­нына ашық аспан, бейбіт күннің аясында куә бола бергей!