• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Таным 01 Қаңтар, 2021

Жыл кітабы

858 рет
көрсетілді

Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында елімізде көптеген мәдени-рухани іс-шаралар өтті. Солардың ең ауқымдысы, жөні де, жолы да бөлек іргелі еңбек ретінде ауыз толтырып айтатынымыз – Абай шығармаларының академиялық толық жинағы.

Бұл басылымды даярлап басып шығару ісі қиындығы мол, жауапкершілігі жоғары жұмыс. Сондықтан да мұндай рухани маңызы зор іске жылдар өткізіп барып оралатыны да содан. Аталған жинақ та 1995 жылғы екі томдықтан кейін 25 жылдан соң жарық көріп отыр.

Айта кетейік, күні бүгінге дейін Абай шығармаларының толық жинағы он мәрте (1909, 1922(24), 1933, 1939, 1945, 1954, 1957, 1961, 1977, 1995 ) жа­рық көрген екен. Солардың ба­сым көпшілігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қабырғасында (М.Әуезовтің басшылығымен) дайындалған.

Жаңа жинақты даярлауда, ең алдымен осы уақытқа дейін жарық көрген басылымдар салыстырылып, түгел қайта қаралыпты. Және ондағы М.Әуезов қалыптастырған ұстанымдар негізге алынған. Әсіресе 1933, 1957, 1961 жылдар­дағы жинақтарға бас абайтанушы қолымен енгізілген жаңа шығармалар мен оған берілген түсініктер пайдаланылды. Ал жаңа жинақтың мазмұны мен құрылымын жүйелеуде Абай шығармаларының ең соңғы то­лық басылымы және тарихи-мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО қорғауына алынған 1995 жылғы нұсқаның құрылымы мен негізгі арқауын сақтауға тырысқан.

Айта кетейік, үш томдық «Жазушы» баспасынан 3000 да­намен басылып шығып, кітап­ханаларға таратылды.

 

Ерлан ЖҮНІС, Маржан Әбіш,

«Egemen Qazaqstan»