Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 93 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы 45723 адам ауырды, 499 өлім жағдайы тіркелді, жазылып шыққандар саны 33083-ке жетті.