• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қаңтар, 2021

Атырауда тағы бір «Ашық әкімдік» ашылды

219 рет
көрсетілді

Жыл алмасар қарсаңда Мақат ауданында «Ашық әкімдік» кеңсесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, бұған дейін алты аудан мен Атырау қаласының әкімдігі «Ореn-space» форматындағы жаңа жүйеге көшкен болатын.

«Президент Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған еді. Мемлекеттік органдардың жұмысын  сервистік модельге көшіру мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениетінің көрінісін, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетудің қолайлы ортасын құруды қамтамасыз етеді. Бұл – өңірдегі сегізінші «Ашық әкімдік» дейді департамент басшысы Қанат Сүлейменов.

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, «Ашық әкімдік» кеңсесі кеңес беруге арналған алаңмен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен, ақпараттық стенділер мен  WI-FI желісімен қамтылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай  жасалып отыр.