• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Сайлау 05 Қаңтар, 2021

Отандық туризмді дамытудың оңтайлы кезеңі

481 рет
көрсетілді

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан Парламент Мәжілісіне және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар осы өңірдегі Айыртау ауданының Имантау ауылында болып, Имантау-Шалқар курорттық аймағының ұжымымен кездесті.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы кездесудің негізгі мақ­саты партияның ауылдағы ауыл шаруа­­шылығына жатпайтын бизнес түр­лерін дамыту, бұқаралық спорт пен агро­ту­ризмді жаңғырту жөніндегі бастамаларын түсіндіру болды.

Имантау-Шалқар курорттық кешені «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан. Аталған кешен Қазақстандағы туризмді дамыту жөніндегі 10 басым жобаның қатарына кірген.

Кандидат Төлеутай Рақымбеков атап өткендей, 2020 жылдың басынан бері коронавирус пандемиясына байланысты туризмнің сыртқы бағыттары іс жүзінде тоқтап қалды. Бұл жағдай қазақстандық туристер ағынын ішкі курорттарға бағыттауға, отандық туризм саласын дамытуға бірегей мүмкіндік береді.

Партия бағдарламасында ауылдағы ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін дамыту бойынша бірқатар шара қарастырылған. Мәселен, бұл шара нарыққа қонақүй қызметтерін ұсыну, демалыс нысандарын салу және фер­мер­лерді агротуризммен айналысуға ынталандыру сияқты қосымша қызметтермен қамтуды көздейді.

Партия өкілдері осы бастамалардың болашағы бар деп санайды. Төлеутай Рақымбековтің пікірінше, Шығыс Еуро­паның бірқатар елінде ұлттық мәдениет пен тұрмысты сақтап қалу үшін агротуризм нысандары жұмыс істейді. Олар спорттық демалыс қызметтері мен жергілікті жердің табиғи, мәдени-тарихи және басқа да ресурстарын пайдалануға бағытталған ауылдық инфрақұрылым элементтерін біріктіреді.

«Ауыл» партиясының атынан кандидат, этнодизайнер Бахаргүл Төлеген болса Имантау кентінің тұрғындары үшін қолөнершілік – табыс деңгейін арттырудың болашағы жарқын бағыты бола алады деп есептейді.

Осы маңызды секторды дамыту шағын кәсіпорындардың кең желісін құруды, шағын кәсіпкерлікті және тиімді бәсекелестік ортаны дамыту үшін қолайлы алғышарттар жасайтын жеке қолөнершілер санының өсуін қамтамасыз етуге қабілетті.

Қолөнершілердің икемділігі мен ұтқырлығы экономикалық және әлеу­меттік міндеттердің тұтас кешенін шешу­ге жол салады. Сондай-ақ халықтың, соның ішінде ақыл-ойы, физикалық мүм­кін­діктері әртүрлі адамдардың дамуы­на жағдай жасайды. Әртүрлі білім қоры мен түрлі кәсіби мүдделері бар адам­дардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, олардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарынан кейін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өзара шаңғымен жарыс ұйымдастырды.