• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2021

Білім беру саласының ертеңіне алаңдайды

411 рет
көрсетілді

Елордада Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар дөңгелек үстел өткізіп, Қазақстанның білім беру жүйесіндегі мәселелерді талқылады. Дөңгелек үстел Zooм-конференциясы арқылы онлайн режімде өтті.

Кандидаттар Олжас Сыз­дықов пен Ислам Сұңқар сапалы білім мен оның қолжетімділігі, өңірлік университеттер құру, оқулықтарды цифрландыру, мектеп оқушыларын тәрбие­лейтін отба­сылар үшін жеңіл­детілген интернет қосу сынды өзекті тақырыптарды қозға­- ды.

– Мемлекет сапалы және қолжетімді білімге инвестиция салу ең алдымен еліміздің адам капиталына қаржы құю екенін түсінуі керек. Біздің партия білім беру саласындағы мәселелерді шешу бо­йынша нақты жоспар әзірледі. Ол бүгінгі таңда кез келген заманауи мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі болып саналады, – дейді О.Сыздықов.

Қазақстан Халық пар­тия­сының мүшелері Қазақстандағы білім алу еліміздің барлық азаматтарына қолже­тімді болуы тиіс деп есептейді.

– Біз кәсіптік-техникалық оқуға жаңа серпін беру, олардың жанындағы кешкі мектептерді қайта құру, бюджеттің мүм­кін­дігінше стипендия төлеуді қарастыруы қажет деп санаймыз. Мемлекеттік ұйым­дар мен кәсіпорындар студенттерге база­­лық жалақы төлей отырып, оларды бос орын­дарға және уақытша тәжірибе жинақ­тауға қабылдауға міндетті, – дейді И.Сұңқар.

Қазақстан Халық партия­сының мүшелері халықтың көші-қоны мен өңірлердің дамуына байланысты мемлекет өңірлік университеттер құруы тиіс екенін атап өтті. Қалаларда ауыл балалары үшін заман­ауи инфрақұрылымы бар мектеп-интернаттарды қайта құру қажет.

Сондай-ақ Шымкентте Қа­зақ­стан Халық партиясының белсенділері мен мүшелері ҚХП-ның үгіт-насихат ма­те­риал­дарын таратуға негіз­дел­ген акция өткізді. Саяси қозға­лыстың жақтау­шылары азаматтарға партияның сайлауал­ды бағдарламасының негізгі тармақ­тарын түсіндірді.

– Біздің партия халықтың табыс көлемін де, ең төменгі күнкөріс дең­гейін де арттыру қажет деп есептейді. Мемлекет зейнетақы мөлшерін ұлғайтып, азаматтардың зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуі тиіс, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұр­лан Қадырқұлов.

Кандидат пандемия бас­талғанға дейін үнемі салық төлеп, жұмыс орындарын құрған азаматтар санаты үшін бір реттік несие рақымшылығын жүргізуді ұсынды.

– Бұл пандемия мен шектеу шаралары салдарынан қиын жағдайға тап болған ша­ғын және орта бизнес иелеріне қатысты. Яғни, азық-түлік дү­кен­дерінің, кафелердің, шаш­та­раздардың иелері мен қыз­мет­керлері қамтылуы қажет. Айта кету керек, банктер каран­тиннен шығын­сыз өтті. Көп­шілігі өз капиталын арт­тырды. Шағын және орта бизнес пен қара­пайым азаматтарға ғана салмақ түсті. Енді олар бұрынғы несиелерін өтеу үшін тағы несие алуға мәжбүр, – дейді Н.Қадырқұлов.

Қазақстан Халық партиясы мемлекет өз азаматтары­на банктер есебінен несие ра­қымшылығын жүргізуді қам­та­масыз етуі тиіс деп санайды.