«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Николай Арсютин мен Талғат Зейнуллин партияның сайлауалды үгіт-насихат тобымен бірге Екібастұз қаласындағы «Богатырь Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесті.
«Богатырь Транс» ЖШС – Қазақстандағы вагондарды жөндеу бойынша ірі зауыт саналады. Кәсіпорын 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстандық көмір экспортын дамытуға белсенді үлес қосып келеді.
Н.Арсютиннің айтуынша, экспортты дамыту – өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Шетелден импортталатын әрбір тауар валюта сұранысын туындататындықтан, отандық бәсекеге қабілетті тауарлар экспортын дамыту аса маңызды. Осыған байланысты, логистикалық жүйені жұмыспен үздіксіз қамтамасыз ету – стратегиялық маңызды міндет.
Сонымен қатар кездесуде кәсіподақтардың рөлі туралы сөз болды. «Ауыл» партиясы өзінің сайлауалды тұғырнамасына кәсіподақтармен бірлесіп жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізуді қолға алған алғашқы саяси ұйымдардың бірі саналады. Кандидат Т.Зейнуллиннің айтуынша, коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте өндірістік сектордың кәсіпкерлеріне электр энергиясының тарифтерін субсидиялау жүйесін енгізу қажет.
Еңбек ұжымымен кездесуде «Бала нәсібі» балалар капиталын енгізу мәселесі де айтылды. Жұмысшылар осы бастаманы іске асыру кезінде белгіленуі мүмкін төлем сомасына қызығушылық танытты. Н.Арсютиннің айтуынша, елімізде жыл сайын шамамен 400 мың бала дүниеге келеді және бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, 1 балаға ұсынылатын төлем сомасын кемінде 32 мың теңгеге көтеруге мүмкіндік бар. Мұндай жәрдемақы белгіленген жағдайда және оны 18 жасқа дейін төлеу қажеттілігін ескере отырып, бюджеттік шығыстар шамамен 2,3 трлн теңгені құрайтын болады. Тиімсіз республикалық бюджеттік бағдарламалардың провизорлық талдауы оларды секвестрлеу кезінде жыл сайын шамамен 300-400 млрд теңге қарастыруға және оларды балалар капиталының қамтылуын кеңейтуге немесе ай сайынғы соманы ұлғайтуға бағыттауға болатынын көрсетті. «Богатырь Транс» ЖШС-нің жұмыскерлері моно қалаларды дамыту бойынша партияның ұсыныстарына да қызығушылық танытты.
Сондай-ақ осы партияның атынан облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарындағы кәсіпорындар ұжымдарымен және тұрғындармен кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Мәселен, Жамбыл облысы Жуалы ауданында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бегалы Нұржігіт пен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерболат Саурықовтың қатысуымен «Фермерлік Еңбек және азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Қанат Тасыбеков және облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогтерімен және жастармен кездесті.