• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Өнер 06 Қаңтар, 2021

«Грэмми-2021» музыкалық премиясының марапаттау рәсімі кейінге шегерілді

256 рет
көрсетілді

Әлемдік «Грэмми-2021» музыкалық премиясының марапаттау рәсімі эпидемиялық ахуалға байланысты 31 қаңтардан 14 наурызға шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандармен, жүргізушілермен және өнерпаздармен сөйлесіп, 63-ші марапаттау рәсімін 2021 жылдың 14 наурызына ауыстыру туралы келісімге келдік», делінген хабарламада.   

Іс-шара ұйымдастырушылары музыкалық қауымдастық пен шоуды жасау үшін аянбай еңбек ететін жүздеген адамның денсаулығы мен қауіпсіздігінен маңызды ештеңе жоғын айтып өтті. Сондықтан аталған жағдайға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Қуантарлығы, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Roses SAINt JHN композициясы «Грэмми» (Grammy) сыйлығына ұсынылды. Сөйтіп Иманбек «Грэммиге» сыйлығына ұсынылған алғашқы қазақстандық атанды.