• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Қаңтар, 2021

Сенатор жол құрылысының сапасын тексерді

152 рет
көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданына барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сапар барысында ол аудан мәслихатының және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ прокуратура өкілдерімен кездесті. Сонымен бірге Жібек жолы ауылы маңынан өтетін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Прокуратура өкілдерімен кездесуде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жаңа нормаларын талқылады.

Одан бөлек, кәмелет жасына толмағандарға қарсы қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейту шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады.

Сенатор Владимир Волков қазақстандықтар тарапынан көптеген өтініштер келіп түсетінін, ондағы мәселелердің барлығы депутаттық корпустың басты назарында екенін жеткізді.

«Маған Қарасай ауданының тұрғындарынан жер, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және басқа да мәселелер бойынша өтініштер келіп түсуде. Жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқан бұрынғы Шамалған стансасы маңында жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу мәселесі Сенат қабырғасында да талқыланды. Ол көпір өткен жылы ашылғанын жақсы білесіздер. Қазір Жібек жолы ауылында айналма жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жол теміржол өткелінен өтетін көліктерді айтарлықтай азайтады. Тұрғындарды алаңдатқан барлық мәселе назардан тыс қалмайды. Алдағы уақытта олар бойынша жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істейміз», деді сенатор.

Сенат депутаты аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен кездесіп, сапалы жол құрылысы үшін қажетті техникамен және құрылыс материалдарымен жабдықтау мәселесін талқылады.