«Ақ жолдың» үгіт-насихат науқаны аясында «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді. Партияның республикалық штабында жинақтың тұсаукесері өтті.
«Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы жұмысы, оның парламенттік фракциясының қызметі туралы материалдар жинағы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны шеңберінде екі бөлімнен тұратын жинақ ретінде жарық көрді. Жинақта «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың сөйлеген сөздерінің, жарияланым- дарының авторлық мәтіндері, фракцияның депутаттық сауалдары қамтылған.
«Ақ жол» партиясы мен оның көшбасшысының нарықтық экономиканы дамыту және жеке бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметі басты назарда. Сонымен бірге олар тәуелсіздікті нығайту және демократиялық институттар арқылы ұлттық мүддені дамыту міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.
Жинақта «Ақ жол» партиясының негізгі бағдарламалық бағыттарына жеке-жеке тоқталған: кәсіпкерлікті қолдау, қазақстандық қоғамды демократияландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және өзге де бөлімдерге тоқталған.
«Ақ жол» фракциясы жұмысының қорытындысы бойынша бесінші шақырылымда жарияланған осындай жинаққа қарағанда, бүгінгі жарыққа шығарылып отырған басылымда материалдар 2 есе көп. Бұл фракцияның 6 шақырылымдағы ерекше белсенділігін көрсетеді. Кітап біздің болашақ жұмысымызда да жақсы көмекші болатынына сенімдіміз», деп атап өтті Азат Перуашев.
«Полемикалық экономика» жинағы экономистер мен саясаттанушыларға, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылыс үрдістеріне, сондай-ақ еліміздің бүгіні мен болашағы туралы пікірталастарға қызығушылық танытатын әрбір адамға қызық болмақ.
Сайлауға бірнеше күн қалғанда саяси партияның үгіт-насихат жұмысы арта түспесе, бәсеңдемеді. Осы уақытқа дейін еліміздің өңірлерін аралап, халықпен кездескен партия белсенділері олардың мұң-мұқтажын тыңдап, алаңдатқан сұрақтарына жауап беруге тырысты. Олардың ішінде ең өзекті деген мәселелер әлеуметтік салаға тікелей байланысты. Қарапайым жұмысшының, жастардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігі, несие алуы және өзге де проблемалар бар. Ақжолдықтар үгіт-насихат кезінде Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының сайлаушыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Одан бөлек партия белсенділері қазіргі эпидемиялық ахуалды ескере отырып, «Есіктен есікке» акциясын да қолға алды. «Ақ жол» партиясы өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмысында кәсіпкерлерге ерекше назар аударды. Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту, жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесі – партия бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі.
Саяси науқанда партияның жастар қанаты да аса белсенділік танытты. Алматы, Маңғыстау өңірлерінің жастары «Ақ жолды» қолдап, арнайы науқан ұйымдастырды.