Шымкент қаласында 2019 жылдан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы шеңберінде шаруаларға қолдау көрсеткелі бұл салада даму қарқын алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған шаруалардың да саны артқан. Атап айтқанда, 2019 жылы 76 шаруаға 1 114,0 млн теңге субсидия берілсе, өткен жылы 102 азаматқа 1 069,3 млн теңге қаржы үлестірілген.
Ал осы жылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1 425,1 млн теңге субсидия қаралып отыр.
Шаруаларға берілген мемлекеттік қолдаудың арқасында 2019 жылы өндірілетін ет 14,1 мың тоннаға жетіп, 2018 жылмен салыстырғанда 124,6 пайызға артқан (2018ж. 11,3 мың тонна). Өткен жылдың 11 айында қалада 13,1 мың тонна ет өндіріліп, 2019 жылдың (12,6 тонна) тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға артқан.
Ауылшаруашылық өнімдерінен сүт өндірісі де жылдан-жылға дамып отыр. 2019 жылы 45,9 мың тоннаға жетіп (2018 ж. 45,4 мың тонна) 101,2 пайызды құраса, өткен жылы 11 айында сүт өндірісінің көлемі 43,9 мың тоннаға жетті (2019 ж. 11 айында 42,7 мың тонна).
Сонымен қатар Шымкентте өндірілетін жұмыртқа өндірісінің үлесінде де өсу бар. 2020 жылдың 11 айында 146,1 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2019 жылдың (110,5 млн дана) осы кезеңімен салыстырғанда 132,5 пайызға артқан.
Шаһарда мал шаруашылығы өнімнің көлемі 2019 жылы 19,4 млрд теңгені құраған. Ал, 2020 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 19,9 млрд теңгеге жеткен.
Биыл шаруаларға мемлекеттік қолдауды тиімді үлестірудің арқасында 14,5 мың тонна ет, 46,7 мың тоннаға сүт, жұмыртқаның көлемін 150,0 млн данаға жеткізу жоспарланып отыр.