Бұл туралы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау учаскелерінде іші кең арнайы кабиналар орнатылды.
Барлық сайлау учаскелері бірінші қабатта орналасқан. Көзі көрмейтін мүгедектер үшін Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпін қолдана отырып, бюллетеньді өз бетінше толтыруға арналған арнайы трафареттер әзірленді.
«Алматы қаласы бойынша Мәжіліс пен мәслихатқа арналған екі бюллетень болады. Бұл ретте көзі көрмейтін адамдар үшін де екі трафарет қойылады. Бұл өте маңызды. Зағип достарыңыз, не туыстарыңыз болса, мұны ескерткендеріңіз жөн. Мәжіліс бойынша бюллетеньде тактильдік төртбұрыш, мәслихат бойынша дөңгелек тіліктер болады. Бұл тақырыпта арнайы ролик дайындалды, ол сайлау учаскелерінде көрсетіледі», – деп атап өтті Ж.Асанова.