Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.
Ерлан Қошанов өз таңдауын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде жасады. Бұл учаскеде барлығы 2606 азамат тіркелген екен.
Сайлаушылар белсенділігінің жоғары екені бірден байқалып тұрды. Ал аталған сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталғанын да айта кеткен абзал. Ғимаратқа кіреберісте арнайы мамандар сайлаушылардың дене қызуын өлшеп, тегін бетперде мен қолғаптар таратты.