• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Қаңтар, 2021

Партия төрағалары дауыс беруге қатысты

213 рет
көрсетілді

Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңы­ров Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.

Аталған сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақ­талды. Бұл ретте сайлау бары­сының заңға қайшы келмеуін және сайлаудың ережеге сай өтуін халықаралық, отандық бай­қау­шылар қада­ғалап отырды.

Партия төрағасы сайлаудың әділ өтіп, партиялар сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыра алады деп күтетінін жеткізді. Қазақ­станның Халық партиясы үшін әділдік – ең басты басымдық болмақ.

– Бұл сайлау учаскесінің жұ­мы­сын жоғары деңгейде деп баға­лар едім. Қажет болған жағдайда сай­лаушыларға бетперде де, қол­ғап та беріледі. Байқауымша, бар­лығы ойдағыдай өтіп жатқан сияқты. Тек осы сайлаудың кесі­рі тиіп, әлемді әбігерге салып тұр­ған коронавирус тарап кет­­пе­се деп тілеймін. Әр адам өзін сақ ұс­тағаны жөн. Барлығы жақ­­сы бо­лады деген үміттемін. Се­бебі эпи­де­миялық жағ­дай жіті бақылауда, – деді партия төрағасы.