• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қаңтар, 2021

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың жаңа дерегі шықты

90 рет
көрсетілді

Johns Hopkins университетінің дерегі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 260 464-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде 90 260 464 адам коронавирус жұқтырды, оның ішінде 1 934 605  науқас қайтыс болды. 

Індет жұқтырғандар бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей, Ұлыбритания елдері көш бастап тұр. АҚШ-та 22 404 481 адам індет жұқтырған, Үндістанда - 10,4 миллионнан астам, Бразилияда - 8 105 790, Ресейде - 3 366 715, Ұлыбританияда 3 081 368 адам тіркелген.

Сондай-ақ Ресейде коронавирустың «британдық» штаммының алғашқы жағдайы тіркелді. Ол елге Ұлыбританиядан келген азаматтан анықталған.