• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Қаңтар, 2021

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болмақ?

343 рет
көрсетілді

Синоптиктер 12-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің айтуынша, аталған кезеңнің басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасын, қар; батыс пен оңтүстікте – жаңбыр, қар болады. Одан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон ығысады. Осыған байланысты, аталған кезеңнің соңына қарай күн ашылып, температура төмендейді деп күтілуде.

Алайда, республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады.

Соңғы жаңалықтар