Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауыстары:
«Nur Otan» партиясы – 71,09 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 10,95 %;
«Қазақстан Халық партиясы» – 9,10 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,29 %;
«ADAL» саяси партиясы – 3,57 %.