• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 12 Қаңтар, 2021

Итжеккеннен оралған жазушы

295 рет
көрсетілді

«Тағдырдың қасірет қойтастарының арасынан қайсар әдебиет талшыбығы – Хамза Есенжанов жарып шықты да, тамырлы, жапырақты алып бәйтерекке айналды» (С.Ғ.Шарабасов) дейтін қаламгердің еш жерде жарияланбаған суреті қолымызға түсіп отыр.

Нағыз жазатын кезінде 1938 жы­лы бұл жазушыға да жалған сая­­си айып тағылып, 20 жылға жу­ы­қ уақыт сталиндік қуғын-сүргін те­пе­рішін тартқанына тарих куә. Ұлт зия­лысы елге оралған соң, 1956 жылдан бастап қайтадан шығар­машылыққа бас қояды.

Итжеккенге айдалғанға дейін 1937 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ академиялық Опера және балет театры­ның директоры қызметін ат­қара жүріп, ҚазПИ-де орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. 30-жылдары «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құ­мақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері және «Жер шарында» ат­ты сахналық шығармасы жария­ла­нып, әдеби ортаның аузына ілігеді.

Жазушының басты шығармасы Батыс Қазақстандағы тұтас бір ке­зең оқиғаларына арналған – «Ақ Жайық» трилогиясы болып қала бермек.

– 1970 жылы мамыр айында Мұха­меджан Қаратаев туған жері Қызылорда облысы Сырдария ауда­нына келді. Жезқазғанмен шекаралас жатқан жайлаудағы шопандарды аралап жүргенінде осы кісіні де көргенмін. Бірақ жыға танымадым. Содан кейін Мұхамеджан Қаратаевтың тобынан бөлініп, бір жылқышының үйінде қымыз ішіп отырғанын тағы көрдім. Киген киімі, айтқан әңгімесі бөлек адам екен. Әңгімесін тыңдап отырып, анық­тап қарағанда таныдым. Атақ­ты жазушы Хамза Есенжанов еке­нін білгенде қуанып кеттім. Оның алдында ғана «Ақ жайық» атты үш кітаптан тұратын романын оқы­ғанмын.1938 жылы сталиндік қуғын-сүргін кезінде зардабын тартып, 20 жылға сотталған екен. Итже­ккеннен зорға жеткен жазушы қымыз ішіп, әл жинап жүрген кезі болуы керек. Сізді суретке түсірейін деп айтуға бата алмадым. Әңгіме ай­тып отырған кезінде тосыннан тү­сіріп алдым.

Естуімше итжеккенде әйелі еке­уі бірге болған. Жары да мықты бір  алашордашының қызы болса керек, әйелі түрмеде дәрігер болған, ұмыт­пасам. Суретті түсіргенен кейін көп кешікпей 1974 жылы қайсар жа­зушы қайтыс болды, – дейді сирек суреттің авторы, байырғы қы­зыл­ордалық фототілші Болат Омарәлиев.

 

АЛМАТЫ