Қазақстанда Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы сәтті өтті. Еліміз демократияға сәтті қадам басып келеді. Бұл туралы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов баспасөз мәслихатында айтты.
«Бүгін біз Қазақстандағы демократияға бағытталған қозғалыстың жалғасы болып табылатын табысты қозғалыстың куәсі болып отырмыз. Мұнымен мен барлық қазақстандықты, сондай-ақ сайлау алдындағы жарысқа қатысушыларды, жеңгендер мен қатысқандарды құттықтағым келеді. Менің ойымша, сайып келгенде, Қазақстан халқы жеңіске жетті, олар Қазақстандағы дамуға және демократияға бағытталған қозғалысты жалғастыруға дауыс берді», деді А.Мамаюсупов.
Осыған орай, спикер Қазақстан халқын сайлаудың ойдағыдай аяқталуымен құттықтады.