• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2021

Трамп АҚШ тарихында инаугурацияға қатыспайтын алғашқы президент

1644 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Капитолийдегі қанқұйлы бүліктің алдында жасаған үндеуінде, жақтастарының бұл әрекетін «толығымен орынды болды» деген пайымға келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Трамп Конгресстегі демократтардың оған бүлік шығарғанын, яғни импичмент жариялауын «күлкілі» деп бағалады. Осыған орай өкілдер палатасындағы демократтар президентке импичмент жариялау туралы дауыс беру барысын сәрсенбіде болады деп мәлімдеді.

Егер палатада Трампқа қарсы дауыс көбірек берілсе, ол АҚШ тарихындағы екі рет импичмент жарияланған алғашқы президент болмақ. Сөйте тұра, импичментке сенаттағылардың 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда ғана экс-басшының қызметінен кетуі мүмкін. Сондықтан республикашылардың едәуір санының келісімі қажет болады.

Еске сала кетейік, Ақ үйдегі дүрбелең конгресстегі бес адамның өмірін қиған тәртіпсіздіктерден кейін күрт өршіп кетті.

 

Аида ОРАЛБЕК