• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қаңтар, 2021

Атырауда архивтік құжаттар неге қоқысқа тасталған?

190 рет
көрсетілді

Тұрғындардың жеке басын куәландыратын куәліктер, төлқұжаттар мен табысы туралы анықтамалар, азаматтардың өтініштері қоқыстан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тіпті мөр мен құқық қорғау органдарының қатынас хаты бар.

Осы дерекке орай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы тексеру жүргізді.  

«Тексеру кезінде қоқыстан табылған барлық құжат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау филиалына тиесілі екені анықталды. Мұндай архивтік құжаттар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде талап етіледі» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде.