• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қаңтар, 2021

Қазақстанда 15 санитарлық бекет қойылды - Ерлан Тұрғымбаев

1147 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында елде 15 санитарлық бекет қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блок-бекет (Атырау облысы – 4) қойылған. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. 290 карантиндік объекті бақылауға алынған», деді министр.

Сондай-ақ көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды фильтрациядан өткізуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта еліміздің халықаралық әуежайларында 18 бақылау-қадағалау пункті, теміржол вокзалдарында 16 бақылау-қадағалау пункті орнатылды.