Минск саяси жағдайға байланысты шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) баспасөз қызметі.
«Минск пен Рига қалаларының Әлем чемпионатын бірлесіп өткізу жөніндегі өтінімді қабылдай алмайтынымыз өте өкінішті. Осы үдеріс барысында біз әлем чемпионатын татуласудың құралы ретінде қолданып, Беларусь еліндегі қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін көмектесуге тырыстық. Шешімін таппаған аса күрделі проблемаларға байланысты Минскіде Әлем кубогын өткізу орынсыз болады», - деді IIHF президенті Рене Фасель.