• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қаңтар, 2021

Су добынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Грекияға есе жіберді

156 рет
көрсетілді

19 қаңтар Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командалары арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар бірінші ойынды Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті.

Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу 20 қаңтарға жоспарланған.