АҚШ-тың қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамп «патриоттық партия» деп аталатын жаңа саяси партияны құрғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Саяси партияны құру туралы шешімді ол о бастан-ақ өзінің көмекшілерімен және басқа да жақын адамдарымен бөліскен-ді.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, саяси өкілеттілікті құруға әжептәуір күш-қуат пен ақшаны қажет етеді екен.
Айта кетейік, бұған дейін Ақ үй басшысы қоштасу сөзінде елде бірде-бір соғыс ашпағанына ерекше мақтанатынын қоса кетті.
«Біздің батыл дипломатиямыз бен қағидатты реализміміздің нәтижесінде біз Таяу Шығыстағы бірқатар тарихи бейбіт келісімге қол жеткіздік. Бұған ешкім сенбеді. Мен соңғы онжылдықта ешқандай соғыс ашпаған президент болғаныма мақтанамын», деген еді Д.Трамп.
Еске салайық, АҚШ-тың 46-шы президенті ретінде демократиялық партияның мүшесі Джо Байденнің инаугурациясы бүгін, 20 қаңтар, сәрсенбіде өтеді деп жоспарланған.