Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында «Қарағанды-Осетр» балық шаруашылығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарағанды-Осетр» ЖШС 2013 жылы құрылды. Кәсіпорын жабық циклды сумен қамту циклында жұмыс істейді. Әзірге 15 қызметкері бар шаруашылықтың қуаты жылына 45 тонна тауарлы балық пен 4 тонна уылдырықты құрайды. 2020 жылы 15 тонна тауарлы балық сатылған.
М.Мырзағалиев пен өңір әкімі Жеңіс Қасымбек кәсіпорынның жұмысымен – диагностика, чиптеу, сою, қайта өңдеу процестерімен танысып көрді.
Айта кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеген. Соның негізінде Қарағанды облысында саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында кәсіпорын балық шаруашылығы саласында екі жобаны жүзеге асырмақ. Бірі байытылған жем өндірісі зауытын, екіншісі Қарасөр көлінде аквамәдениетті дамыту орталығын құру. Жоспар бойынша ол инкубациялық цехы, тауарлы форель өсіретін шаруашылығы, карп және сига тұқымдас тауарлы балық өсіретін орталығы, балық өңдеу цехы және ЖОО-лармен бірге салаға маман дайындайтын мектебі бар толық циклды кешен болмақ.
«Жылына 1500 тонна тауарлы балық өндіргіміз келеді. Балық отырғызу материалдары өндірісін 36 млн дана сига, 1,5 млн дана сига, 3,5 млн дана форель деп есептеп отырмыз. Жобаға 1,52 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 жаңа жұмыс орны құрылады», деді кәсіпорын басшысы Дмитрий Абильдин.
Жалпы еліміздің балық шаруашылығы саласының потенциалы – жылына 600 мың тонна балық. Саланы дамыту бағдарламасына сәйкес, көрсеткіштің 45%-ына 2030 жылы, қалған 55%-ына 2040 жылы қол жеткізіледі. 2030 жылға қарай 270 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Барлығы 545 жаңа балық шаруашылығы құрылады және жұмыс істеп тұрған 323 шаруашылық толық жобалық қуатын орындайды.