• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қаңтар, 2021

БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін оң бағалады      

405 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдігімен Агенттік төрағасы Анар Жаилғанованың және Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериштің қатысуымен «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасын басқару жөніндегі комитеттінің онлайн отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Отырыс шеңберінде Агенттік пен БҰҰДБ-ның үш жылдық бірлескен жобасын іске асырудың қорытындылары шығарылды.

Онлайн-отырыс барысында Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Беришке сындарлы ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, өткен жылы бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып өтті.

«Атап айтқанда, БҰҰДБ қолдауымен өткен жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау, мемлекеттік қызметшілердің этикалық деңгейін қоғамның қабылдауы, iQyzmet платформасының пилоттық нұсқасын әзірлеу бағытында семинарлар мен зерттеулер өткізу бойынша жобалар іске асырылды», деді А.Жаилғанова.

Атап айтқанда, БҰҰДБ қолдауымен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін анықтау үшін 7000 респондент және мемлекеттік қызметтердің 70 түрінің сапасы мен қолжетімділігі бойынша қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін 9181 респонденттен сауалнама алынды, нәтижесінде тұрғындардың қанағаттануының орташа деңгейі 75,1%-ды құрады.

Цифрлық форматта мемлекеттік қызметтерді алуда халыққа практикалық көмек көрсету үшін 400 еріктінің қатысуымен ұсынымдар әзірленді және арнайы желі қалыптастырылды.

БҰҰДБ қолдауымен Президенттік жастар кадр резерві, Агенттіктің IT-архитектурасы мен техникалық жабдықталуын құру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп бериш Агенттіктің COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі маңызды үйлестіруші рөлін атап өтті.

Ол қандай да бір сын-қатерлерге қарамастан, мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін, сапасын және жеделдігін қамтамасыз ету қажет екенін және бұған Агенттік пен барлық мемлекеттік аппараттың үйлесімді іс-қимылының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Пандемия сандық қызметтердің маңыздылығын ашты. Қазақстан осы бағытта жетекші елдер арасында маңызды рөл атқарады және БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткіззді.

БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өзара сенімге, түсіністікке және синергияға негізделген тиімді әріптестік үшін алғысын білдіріп, Агенттіктің алға қойған басымдықтары елдің тұрақты дамуына бағытталған БҰҰДБ мақсат-міндеттерімен сәйкес келетініне сенім білдірді.

Онлайн отырыс соңында Анар Жаилғанова осы жылы да  Агенттік БҰҰДБ-мен серіктестік көкжиегін одан әрі дамыта беретінін айтты.