• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қаңтар, 2021

Жарылыстан 28 адам мерт болды

70 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні таңертең Бағдадтың орталығындағы екі жарылыстан кем дегенде 28 адам мерт болып, тағы 73 адам жарақаттанды. Бұл – елдегі соңғы екі жылда болған алғашқы оқиға.

Денсаулық сақтау өкілдері қайтыс болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Екі жанкешті өздерін қауіпсіздік күштері қуып келе жатқанда жарылғыш заттарды жарып жіберген.

Қаладағы соңғы террорлық шабуыл 2018 жылдың қаңтарында, дәл осы алаң­да болған, онда 35 адам қаза тапқан. Әлі ешқандай топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Сарапшылар Ирак тұрғындары үшін бұл қауіпсіздік күштеріне деген сенім­ге нұқсан келтіретін және геосаяси, экономикалық және пандемиямен байланысты шиеленісті одан сайын арттыратын оқиға деп бағалап отыр. 

Жарақат алғандардың көбінің халі ауыр делінген денсаулық сақтау өкіл­дері берген мәлімдемеде.

 

Дайындаған

Рабиға НҰРҒАЛИ