• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2021

Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті

332 рет
көрсетілді

Атырау қаласында көп қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 23 қаңтарда сағат 18:34-те Атырау қаласында болған.

«Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.