• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 25 Қаңтар, 2021

Әлемде табиғат апаттары жиілеп кетті - экологтар

914 рет
көрсетілді

2000-2019 жылдар аралығында әлем бойынша11 мыңнан астам табиғат құбылыстары тіркелген. Нәтижесінде 480 000 адам қайтыс болды. Ал осы уақыт аралығында адамзатқа 2,56 трлн доллардай материалдық шығын келген, деп жазады Egemen.kz.

Экстремалды табиғи құбылыстар санының көбеюі климаттың өзгеруіне тікелей байланысты. Бұл Germanwatch экологиялық ұйымының мамандары жасаған тұжырым. Осыған байланысты ұйым бүгін «2019 жыл тарихқа жойқын дауылдар жылы ретінде енеді» деген дәстүрлі климаттық тәуекел индексін (KRI)жарияланған. Талдау көрсеткендей, дамушы елдер мен әлемдік ірі қалалар дауыл, су тасқыны немесе құрғақшылық сияқты табиғи апаттарға әлі де қауқарсыз. Ұзақ мерзімді индекс бойынша табиғи апаттарға ең осал он елдің сегізі жан басына шаққандағы табысы төмен елдер тобына кіреді. Жапонияның 2019 жылға арналған индексте төртінші орын алуы, ал Германияның ұзақ мерзімді индекстегі алғашқы 20 елдің қатарына енуі дамыған елдердің де табиғи құбылыстардың құрбанына айналатынын көрсетеді, деп жазады зерттеу авторлары.

 

Аида ОРАЛБЕК