Бүгін, 15 желтоқсан күні Астана қаласының боксшыларыҚазақстан Бокс федерациясының кубогын жеңіп алды. Олар финалда Маңғыстау облысы командасын 6:4 есебімен ұтты. Бұл туралы Қазақстан боксының ВКонтакте сайты хабарлады.
Соңғы екі жекпе-жекке дейін есеп 4:4 болып тұрды. Содан соң жеңіске жеткен Василий Левит (91 кг) пен Ермек Үсенов (+91) өз ұжымына жеңіс алып берді. Ола тиісінше Азамат Әбілев пен Мағжан Базарбайды ұтты. Бұлардың алғашқы жұбы бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Ал шаршы алаңға бірінші болып 49 килодағы Азат Қамзин (Астана) мен Қуанышбай Сәрсенбаев (Маңғыстау) шықты. Ұрыс бұлардың біріншісінің 3:0 (29:28, 29:28, 30:27) етіп ұтуымен аяқталды. Бұдан кейін 52 килоға дейінгі салмақтағы Ілияс Сүлейменов өзінің Нұржан Қошановтан басым екеін 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) деген есеппен дәлелдеді. Алғашқы екі жеңісті 56 килоға дейінгі Мейірболат Тойытов одан әрі өсіріп, 3:0-ге жеткізді. Оның да Қанат Көптілеуовпен шайқасының есебі жоғарыдағыдай – 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).
Маңғыстаулықтар осындан соң ғана екі ұрыстың есесін қайтара алды. Оны 60 килодағы Берік Әбдірахманов пен 64 килодағы Жәнібек Әжібай жасады. Бұлар тиісінше Дархан Жұмсақбаев пен Дәулет Дәукеновті тізе бүктірді. Мұнда да жоғарыда соңғы екі есеп айна-қатесіз қайталанды.
Астаналық Мейірім Нұрсұлтановтың (69 кг) маңғыстаулық Сулейман Бердукаевпен айқасы екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Ал 75 килода маңғыстаулық Ерік Әлжанов қарсыласы Асланбек Дәрбекті де екінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, алдыңғы жұптағы есені қайтарды. Мұның соңын ала рингке шыққан 81 килодағы Әділбек Ниязымбетов астаналық Дәурен Елеусіновтен 3:0 (29:28, 29:28, 30:27) есебімен басым түсіп, сөз басында айтқан 4:4 деген есепке табан тіретті.
Осылайша Астана құрамасы Қазақстан бокс федерациясының Кубогын жеңіп алды.
Еске сала кетейік, Астана командасы жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан құрамасын 6:5 етіп ұтса, ал Маңғыстау облысы Қарағанды жасағын 7:3 етіп ұтқан болатын.
Руслан Игілік.
Дереккөз: Қазақстан боксының ВКонтакте сайты.