• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2021

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады

98 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин 2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа ұлғайтылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, отандық денсаулық сақтау жүйесін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа ерікті негізде, тегін коронавирусқа қарсы вакцинация жасау қамтамасыз етіледі. Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің реформасы және цифрландыруы жүргізіледі. Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артады.

«Аудандық ауруханалар мен перзентханаларда медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі 70 пайызға жеткізіледі. 33 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт ашу, 2 ғылыми орталық пен 8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің прогрессивті моделін жасау жалғаса береді. Жалпы қабылданған шаралар болжамды өмір сүру ұзақтығын 2021 жылы 73,3 жасқа ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді Асқар Мамин.