• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2021

Жер кодексіне түзетулер енгізіледі

279 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», деді Президент.