• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2021

Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат етілді

156 рет
көрсетілді

Көршілес Өзбекстанда індетке байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талап жеңілдетілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Соның ішінде концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызмет үшін рұқсат берілген. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.

концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50%-дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;

қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;

Концерт залына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде бетперде тағуы керек. Сонымен қатар осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 08:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.