Қарағанды облысында қарақшы тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерге шабуыл жасаған. Жергілікті полицейлер қылмыскердің ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап
25 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласы Старгород полиция бөліміне 78 жастағы қала тұрғынынан шағым түскен. Зейнеткер үйдің кіреберісінде оған белгісіз адам шабуыл жасағанын айтады. Қаскүнем зейнеткерден 15 мың теңге мен құжаттары бар әмиянды алып қашқан.
Жәбірленушінің айтуынша, қарақшы 40-45 жас аралығындағы ер адам болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 43 жастағы азамат кінәсін толығымен мойындап отыр.
ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Аида ОРАЛБЕК