• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қаңтар, 2021

Елордада аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды

146 рет
көрсетілді

Аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері 2021 жылдың 27 қаңтарынан 5 ақпанына дейін онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындары атқарушы органдардың жұмыстарымен танысып, қаланы дамыту және қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустық пандемияға байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және келесі нұсқауларды орындауы қажет.

Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында көрсетіледі.