• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қаңтар, 2021

Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет

285 рет
көрсетілді

Еліміздің Қаржы министрлігінің Мем­лекет­тік кірістер комитеті 2021 жылдың 20 қаң­тарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау кезінде электронды шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру проблемасы туындағанын хабарлайды.

ЭШФ жазып беру мүм­кіндігі қайта жаңар­тылғанға дейін тауарға ілес­пе жүк­құ­жаттарды (ТІЖ) куәлан­дыру үшін тір­келген ТІЖ деректеріне сәй­­кес ЭШФ нысаны бойынша қағаз жүзінде шот-фактура қалып­­тастыру қажет.

Экспорттаушының тіркел­ген жеріне қарамастан қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшір­мелерін куәландыру, аудан­­дық мемлекеттік кірістер басқар­­маларында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер ор­ган­­дарының аумақтық бөлім­шелері куәландыру бо­йынша тиісті рәсімдерді жедел жүр­гізуге бағытталған, сондай-ақ қағаз жүзіндегі ЭШФ және ТІЖ көшірмелерін тіке­лей Мем­лекеттік шекара­да куә­лан­дыру сұрағы пысық­талуда.

ЭШФ куәландыру, Мем­лекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ РФ аумағында проб­лемалық мәселелер туындаған жағдайда +77017071411 теле­­фоны бойынша хабарласу­ қа­­жет, деп хабарлады атал­ған ве­дом­­ствоның баспасөз қыз­меті.